вторник, 24 июля 2007 г.

ҚИҚ ЕКШЕМІ

ҚИҚ ЕКШЕМІ (КОНКУРС) АЯСЫНДА
ҚАЗАҚ-АҒЫЛШЫН ӘЛІПБИЛЕР ЖОБАСЫ


ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚТІЛДІ ӘЛЕМШЫРМАҚ ШАРЛАУШЫЛАР!

Әліпбидің әр алуандығы мен техникаға сай еместігінен қорлықты көріп, бір бірімізбен қатынаса алмай тыйтықтап болдық. Одан әрі күтіп отыратын уақыт жоқ. Ең болмаса бейресми, яғни азаматтардың өзара келіскен әліпбиін жасақтап, күнделікті електрондық кеңістікте емін-еркін қатынасқа түсейік!
Мынау сол жолдағы алғашқы қадам. Назарға ағылшынхарыпты қазақ әліпбиінің бес жобасын ұсынып отырмыз. Осыларға сіздердің жеке пікірлеріңіз қажет, таңдаңыз, қайсысы қолайлы. Әзірге авторлары жарияланбай отыр. Оның әзірге мәні жоқ. Мәндетпе (комментарий) берілу кезінде әрбір авторға кейіннен сөз беріледі. Жарияланған пікірлер мен дәйектер шоғырланып, біздің таңдауымызды жеңілдетеді. Таңдау кезінде көпшіліктің көңілі ауған нұсқа таңдалып, биылғы жылдың күзінде болмақшы ҚИҚ форумында «ресми» тіркеледі де, өмірге ағылшынтекті қазақ әліпбиі жолданады. Одан әрі бәріміз жабылып, оны насихаттап, қолданыс аясын кеңейтумен айналысатын боламыз. Бұл - аталмыш жобаның идеологиясы.
Сонымен әліпбилер жобасын қош қабылдаңыз, ағайын! Бұл қазақ өміріндегі алғашқы азаматтық маңызды жоба екенін ескерейік!

Құрметті ҚИҚ мүшесі! Блогқа кесте түспегендіктен амалсыздан осылайша тізбек түрінде жариялап отырмыз. Әрбір баған әліпбидің әр жобасын білдіреді, сәйкес жолдағы ресми әріппен жаңа әріптерді салыстыру арқылы әліпби жобасын меңгересіз.

Кестедегі шартты белгілерге мәндетпе:
1-бағанда - реттері, келесі бағанда ресми әліпби тігіңкі бағытта орналасқан.
РӘ - ресми әліпби;
Ә1 – 1-әліпби жобасы;
Ә2 – 2-әліпби жобасы;
Ә3 – 3-әліпби жобасы;
Ә4 – 4-әліпби жобасы;
Ә5 – 5-әліпби жобасы.
Әр жолдағы әріптер өзара қос нүктемен ажыратылды. Ыңғайсыздық үшін кешірім өтінеміз. Бұл кестені және осы үндеуді басқа сайтқа дұрыстап орналастыруға және жариялауға әбден болады. Оған алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Тіпті, газеттерге де жарияласа нұр үстіне нұр болар еді!
ҚИҚ хатшылығы.

№ РӘ : Ә1 : Ә2 : Ә3 : Ә4 : Ә5
1 : А : A : A : A : A : A:

2 : Ә : Ah : Aе : A`: A`: Ae:
3 : Б : B : B : B: B: B:
4 : В : - : V : V: - : -
5 : Г : G : G : G: Q`: Q:
6 :Ғ : F : Q: X: Q: Qh:

7 :Д :D : D: D: D: D:
8 :Е :E : E: E: E: E:
9 :Ё : io : jo: - : - : -
10 :Ж :J : Zһ: J: G: G:
11 :З :Z : Z: Z: Z: Z:
12 :И :- : Ij/Yj: Iy/Y - : -
13 :Й : I : J: Y: Y: J:
14 :К : K : С: K : K` : K
15 :Қ : Q : К: Q: K : Kh
16 :Л :L : L: L: L: L:
17 :М : M : M: M: M: M:
18 :Н : N : N: N: N: N:
19 :Ң : Ng : H: Ng: H: H:
20 :О : O : O: O: O: O:
21 :Ө : V : Ое: O` O`: Oe:
22 :П : P : P: P: P: P:
23 :Р :R : R: R: R: R:
24 :С : S : S : S : S : S
25 :Т :T : T: T: T: T:
26 :У :W : W: U: V: W:
27 :Ұ : U : U: U`: W: U:
28 :Ү : Uh : Ue: Ү : U: Ue:
29 :Ф : - : F: F: F: F:
30 :Х : X : X: H: X: X:
31 :Һ : - : -: -: -: - :-:
32 :Ц : ts : ts: -: -: -
33 :Ч : tc : ch: ch: -: -
34 :Ш :C : sһ: sһ: C: C:
35 :Щ :cc : shsh: -: C`: cc
36 :Ъ : - : - : -: -: -
37 : Ы : Y : Y: W: J: Y:
38 :İ : H : I: I: I: I:

39 :Ь: - : -: -: -: -
40 :Э : e : je : -: -: -
41 :Ю :іw : Ijіw/ Yjyw: yu -: -
42 :Я :ia : Ija / Yja : ya -: -: