воскресенье, 29 июля 2007 г.

2- ӘЛІПБИ ЖОБАСЫ АВТОРЛАРЫНЫҢ ҰСТАНЫМЫ

ҚАЗАҚЫ ЛАТЫН ӘЛIПБИIН ТАҢДАУ ЖӘНЕ СТАНДАРТТАУ
(философиялық, этнолингвистикалық және техникалық мәселелері)


Алғысөз
Қазіргі кезде алыс-жақын шетте жүрген қандастарымызбен төл тілімізде Internet, E-maіl, Жерсеріктік теледидар, Телеграф-Телетайп жүйелері арқылы хат-хабар, ақпарат алмасуымыз барған сайын күрделене түсуде. Мемлекетаралық елшілік қатынастардың хаттама желісі мемлекеттік тілде – төл тілімізде бір жүйеге түсуі екіталай болып тұр. Тіптен, өз ішіміздегі мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару және оқу, білім беру ісін мемлекеттік тіл аясында өркениетті түрде жаппай кәмпүйтерлендіру мүмкін болмай отыр. Әліпбилер жобасының ішінен стандартталатын "техникалық" бір ғана нұсқаны таңдап алуымыз қажет!


Кıрıспе
Бұл мәселенıң талқылана бастағанына он жылдай уақыт өттı। Бұл ıске әрқилы салалардың мамандары атсалысып жүр. Бүкıл елıмıздıң жер-жерıнде басталып, Алматыда шиырыла түскен бұл үрдıс жаңа орталық Астанада заңды жалғасын тапты деуге әбден болады. Астанаға, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетіне көптеген белгıлı ғалымдардың қоныс тебуı бұған игı әсерıн тигıздı – десек, шындықтан көп алшақтамаған болар едıк.

Астанада соңғы 2-3 жыл ıшıнде жаңа латын харпіне негıзделген әліпбиді таңдауға бағытталған мамандардың бıрнеше алқалы жиындары өттı, солардың ıшıнен бıздıң университетімıзде ұйымдастырылған екı бıрдей "Дөңгелек үстелдı" бөле-жара айтуға қақымыз бар ғой демекпıз। Оның бıрı 4।03।2001 күнı өтсе, екıншıсı 14।02.2002 күнı өткıзıлдı. Солардың арасында тағы да сол университетімıзде 2001 жылдың 18-19 мамырында өткен Қазақ Республикасының 10-жылдығына арналған халықаралық "Байырғы түркі мәдениеті: жазба ескерткіштер" ғылыми-теориялық конференциясында "Сына жазу әліпбиінің антропологиялық жаңғыруы һәм мәдени қайта түлеуі – өркениеттің үйлесті-жасампаз пәрмені" аттас баяндама радио арқылы бүкıл Республикамызға таратылды. Бұл баяндамада да қазақы латын әліпбиін таңдау мәселесı сөз болған едı.
Сайып келгенде, төл тіліміздің мемлекеттік мәртебесін кәсіби ортада құтқару жолдарын таңдау үшін ұсынарымыз мынау:
Қазақ әліпбиі етіп кирилдік алфавитпен қатар латын харпін қолдана бастау қажет; бес-он жыл өткенше таңдалған латын жазуын компьютерлік және техникалық байланыс жүйелерінде, алыс-жақын шетте жүрген қандастарымызбен Internet, E-maіl жүйелері арқылы хат-хабар, ақпарат алмасуымызда, яғни елшілік жүйесіндегі мемлекеттік деңгейде, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару және оқу, білім беру ісінде қолдана тұрған дұрыс деп табылсын!
Латынға негізделген қазақ әліпбиін таңдаудың талаптары

Латиницаға көшудің біраз пайдасы болары сөзсіз. Бірақ-та көптеген қиындық туғызатынын да жоққа шығаруға болмас. Бұл қиындықтарды былай топтастырайық:
1. Жасы ұлғайған адамдардың көпшілігі ағылшын танбаларымен жазылған материалды мүлде оқи алмайды ғой. Ағылшын таңбаларымен жазылған қазақша кітап, газеттерді оқуға қиналатын адамдар жастардың арасында да аз болмасы анық.
2. Көптеген қазіргі харіппен басылып шыққан қазақ тіліндегі кітаптарымызды болашақ ұрпақ еркін оқи алмайтындай болып қалады. Әлбетте, оларды компьютердің көмегімен ағылшын таңбаларына көшіріп, қайтадан басып шығаруға болады. Бірақ-та, бәрін қайта шығару мүмкін емес қой.
3. Латиницаға көшу біраз қаржы талап ететіндігін де ескермеуге болмас.
Яғни, таңдаумыз – екі жол: 1) Ағылшын таңбасына көшу; 2) Кирилдік әліпбиде қалып қою. Бұл екі жол – біздің таңдар жолдарымыздың "ең шеткілері" – деп ойлап, "ортаңғы" – "күре тамыр" жол іздесек қалай болар екен? Мысалға:
3) Кирилица мен латиницаны қатар пайдаланайық. Болашақта "қай жеңгені" біздікі.
3а) Компьютерде, компьютер жиі қолданылатын жүйелерде, алыс-жақын шетте жүрген қандастарымызбен Internet, E-maіl, Жерсеріктік теледидар, Телеграф-Телетайп жүйелері арқылы хат-хабар, ақпарат алмасуымызда, яғни елшілік жүйесіндегі мемлекеттік деңгейде қолдана тұрған дұрыс деп табылсын; өзіміз таңдап бекіткен ағылшын таңбаларын латын-қазақ транслитерациялық таңбалар жүйесı ретінде қолданайық.
3ә) Мектепте төменгі сыныптардан бастап латиницаны үйретейік (ағылшын тілімен бірге). Қазақ сөздерін ағылшын әріптерімен жазуды ойын ретінде (компьютердегі ойын ретінде) үйрете бастайық.
3б) Латын-қазақ транслитерациялық таңбалар жүйесıн қазақ тілінің компьютерлік-мағлұматтық және байланыстың техникалық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару ісін жүргізудегі жазба таңбалары деп қабылдайық.
3в) Басқа жағдайларда кирилицаны әзірше қолдана берейік.
Осыдан кейін "әліптің артын" бағайық. Болашақ ұрпақтарымызға өздері біржола түпкілікті таңдауын жасап алуына мүмкіндік қалдырайық.
Латын-қазақ транслитерациялық таңбалар жүйесı бола ма, әлде қабылдануға тиіс әліпбидің өзі бола ма, әйтеуір ауыстырмас бұрын терең зерттеп, мұқиат таңдауды талап етері хақ. Бірақ, әліпбиге қарағанда транслитерациялық таңбалар жүйесıн таңдаудың "жарасы жеңіл" болады-ау деп пайымдаймыз, өйткені транслитерациялық таңбалар жүйесıн қазірдің өзінде аса көп ойланбастан қабылдай тұрып, кейін уақыты келгенде оны әбден жетілдіріп, түрлендіріп, өзгертетін жерлері болса түзетіп, түпкілікті әліпбиге айналдырып алуға болады ғой демекпіз. Себебі, бүгіндері қазақ тілінің дыбыстық жүйесі тыңғылықты түзілмей отыр /Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. – Алматы: Сөздік-Словарь, 1999/, оны жүйелеу үшін уақыт қажет. Ал транслитерациялық таңбалар жүйесıн мемлекеттік деңгейде стандарттап алу – уақыт күттірмейтін шараға айналатын күн туып тұр!

Комментариев нет: