воскресенье, 15 июля 2007 г.

ҚАЗАҚ ИНТЕРНЕТ ҚАУЫМЫ ҚҰРЫЛДЫ

Жуырда біршама азаматтар бірігіп, Қазақ Интернет Қауымын (ҚИҚ) құрды. Бұл қауымға мүше болуға құлықты, кез келген кәмелет жасындағы адамға ұлтына, жынысына, азаматтығына (шетел азаматтары екендігіне) және басқа да ерекшелігіне қарамастан әрдайым есік ашық.

ҚИҚ – қазақтілді интернет қолданушылары мен қызмет көрсетушілерін біріктіретін халықаралық қоғамдық клуб болып табылады. Толық қалыптасқанша қоғамдық негізде жұмыс істейді.

ҚИҚ мақсаты:
- қазақтілді електрондық кеңістікті (ЕК) қалыптастыруға және дамытуға атсалысу;
- қазақтілді ЕК тұтынушыларына түрлі қызмет көрсету аясын дамытуға үлес қосу;
- қазақ тілінің ЕК-тегі нығаюына қолдау көрсету;
- қазақтілді ақпараттың ЕК-те таралуына жол ашу;
- қазақтілді интернет қолданушыларының ынтымағын арттыруға түрткі болу.

ҚИҚ-қа мүше болу үшін:
- жазбаша түрде мына електрондық адреске ҚИҚ-қа мүше болу тілегін білдіріп, толық аты-жөні мен резюмесін жіберсе – жеткілікті: qaznetclub@gmail.com.

ҚИҚ-тың әзірге құрылымдарын құру оның құрамы толыққанша кейінге қалдырылды. Сондай-ақ, ҚИҚ өзінің толық жұмыс жоспарын да кейін бекітуді шешіп, кәзіргі басты жұмысты ҚИҚ мүшелері дүниежүзі қазақтары қарым-қатынасын қанағаттандыратын ортақ електрондық бейресми әліпбиді (ЕБӘ) бекітіп алудан бастағанды жөн көруде.

ҚИҚ мүшелері бір ауыздан ағылшын харпына негізделген әліпби түзуді мақұлдады. Осыған байланысты ҚИҚ ағылшын-қазақ харыпты әліпбиге екшем жариялайды. Ұсынылған әліпби жобалары мына електрондық әдірісте қабылданады: qaznetclub@gmail.com.
ЕБӘ жобасын қабылдау – 2007 жылғы 20 тамызға дейін.
ЕБӘ-ге қойылатын басты талаптар:
- ЕБӘ-нің ағылшын харыптарына негізделуі;
- ЕБӘ-нің қазақ дыбыстарына ғана тән болуы;
- бейресми қолдануға қолайлы болуы;
- қосалқы таңбалардың мейлінше аз болуы;
Шешім қабылдау әрбір қатысушының мәндетпесін ескеру арқылы жүзеге асады. Мәндетуші өз пікірін қай әліпбиді және неліктен қалайтынын нақты дәйектеп жібергені мақұл.
ҚИҚ мүшелері мен жанашырлары әзірге осы блогқа қатынасу арқылы жаңалықтар мен хабарлама алып, шұғыл мәндетулер жариялауына болады.

Қазақ Интернет Қауымы