понедельник, 30 июля 2007 г.

Ә1 Әліпби авторының ұстанымы

ҚАЗАҚЫ ҮНШЕЛЕР (ФОНЕМАЛАР)

Аталған жағдайларды қазақ тілінің өзге тілге тәуелдік сипаты есебінде бағалап, оны құтқаратын уақыт келді. Жоғарыда талданған сараптамаларды ескере келіп, қазақ тіліне барынша тән ЖӘ жасақтауға негіз етуге болады.
Сайып келгенде, қазақ тіліндегі 42 әріппен 76 дыбысты таңбалап жүрміз. Ал оған төмендегіше дәйектелген 29 әріп те жеткілікті. Егер әліпбиге қазақ тіліне тән сипатын берсек, мынадай кесте шығады:

№әріптерүншелер
Дауысты үншелер
1аа
2әә
3ее
4йй
5оо
6өө
7ұұ
8үү
9ыы
10іі
Дауыссыз (бунақты) үншелер
11ббы,бі, ыб, іб
12ггі, іг
13ғ ғы, ығ
14дды, ді, ыд, ід
15ж жы, жі, ыж, іж;
16з зы, зі, ыз, із
17к кы, кі, ык, ік
18қ қы, ық
19л ыл, лы, іл, лі
20м ым, мы, ім, мі
21н ын, ны, ін, ні
22ң ың, ің
23п пы, ып, пі, іп
24р ыр, ры, ір, рі
25с сы, ыс, сі, іс
26тты, ыт, ті, іт
27у у, үу, ыу, іу
28ххы, ых
29ш шы, ыш, ші, іш

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, 26 ағылшын харпынан немесе 29 әріптен тұратын жаңа қазақ әліпбиі түзілді. Бұл - бейресми әліпби, оны қазақтілді адамдар өздерінің тұрмысында өзара қатынасқа қолдануға әбден болады. Егер үкімет бекітіп жатса, ол ресми әліпбиге айналмақ.

Әліпби ағылшынның 26 харпынан жасақталып, 29 әріптен түзілді. Әріптің 26-сы біртаңбалы, үшеуі ғана қостаңбалы, ал ағылшын әліпбиінде қостаңбалылар саны -21. Екінші таңба ретінде і әрпі ретінде алынған Hh харпы жіңішкертуші таңбаға таңдалып, ә, ү дыбыстарының әріптерін сәйкес түрде а, ұ дыбыстарының (a, u) жіңішке нұсқасы ретінде ah, uh таңбалары; ал ң әрпі қазақ тілі үшін әбден жарамды ағылшын тілінің белгілі ng қосағы таңдалды. Айырықша атап өтерлік жайттар:
- Х әрпі сол күйіндегі Х таңбасын иеленді;
- Ұ,Ү сәйкес түрде U,Uh болғандықтан, бұларға туындылас Ө әрпі де графикалық жағынан жуықтас V харпымен таңбаланды;
- Осылайша графикалық жақындықпен Ғғ әрпі үшін ағылшындық Ff алынды. Қалған әріптердің ағылшынша харыпталуы кескіндес және кәдімгі қолданыстағы нұсқалар болып табылады.
Жоғарыда келтірілген емлелік принциптерді іске асыруда қос таңбалы әріптердің қатарлас келуі немесе қабаттасуы болмайды, сондықтан оларды осылайша қолдану ешбір тұйыққа тіремейді де, ағылшын терімтақтасының (клавиатура) барлық мүмкіндігі сол күйінде қазақ тілінің де игілігіне айналады.
Жазылым мысалы:
ahbden – әбден
Sahlm – Сәлім
uhlgh – үлгі
uhc– үш
tvrt – төрт
uhnggr – үңгір
vsek – өсек
Tvlegen – Төлеген
sw – cу.
Жоғарыдағы асты сызылған мәтінді жаңа әліпбиге салсақ, әрбір төрт жол біреуге дерлік қысқарып, мынадай жазба аламыз:
Jofaryda keltrlgen emlelk prinspterdh hske asrwda qos tangbaly ahrpterdng qatarlas kelwh nemese qabattaswy bolmaidy, sondqtan olardy oslaica qoldanw ecbr tuiqqa tremeidh de, aflcn termtaqtasnyng barlq muhmkndgh sol kuhinde qazaq thlnng de ighlgne ainalady.

ЖӘ-ДІҢ ТИІМДІЛІГІ
- ЖӘ қазақ тілінің жазылым реформасын жасауға негізі болып табылады және оның аса қиындықсыз атқарылуына мүмкіндік береді;
- тілдің төл заңдылығына қатаң түрде негізделген;
- тілдің барлық дыбыстарының жазылымы қарастырылған;
- ешбір өгей тіл тарапынан лингвистикалық экспанцияға жол берілмеген;
- тілдің ежелгі ұрын жазба үлгісімен сабақтасу қстанымы сақталған;
- ЖӘ негізінде болашақта жалпытүркілік тиімді де ыңғайлы әліпби жасауға негіз бар;
- әліпбидің қатаң ұстанымы қисынсыз ережелерге жол бермейді;
- әліпбидің айқын сипаты емлелік қайшылықтарға жол бермейді;
- әліпбиде артық әріп не босалқы белгі жоқ;
- ЖӘ қазақ тілінің өзге тілдермен арадағы сөздердің транслитерациясын барынша дәл және нақты жасауға мүмкіндік береді;
- әліпби емлесі тіл жазылымының шұбалыңқылығын жояды, шамамен бұрынғы;
- ЖӘ ежелгі түркілі ұрын жазылымының кейбір негізгі тұжырымдарын бойына сіңірген, болашақта бұл әліпбиге сүйеніп, түркілік графикаға негізделген әліпбиге көшуге алғышарт болып табылады;
- ағылшын харпы негізінде жасақталған әліпби ешбір техникалық қиындыққа ұшырамайды, қазақ тіліне бірден әлемдік деңгейдегі техникалық мүмкіндік есігін ашады;
- ағылшын харпын қазырдың өзінде қолданып жүрген контингент үшін 29 әріптік ЖӘ-дің 21 харпы таныс, 8-і ғана бейтаныс, яғни, әліпби құрамындағы харыптың 62 пайызының қазырғы қолданыста болуы оның тез арада меңгерілуін қамтиды;
- ЖӘ-ді меңгеруге сауатты адам үшін 3-10 тәулік уақыт бөлуі жеткілікті;
- ЖӘ бойынша жаңаша жазылым шамамен бұрынғы жазбадан 20-25 пайыз қысқа болу арқылы әрі үнемді, әрі жедел жүзеге асырылмақ;
- ЖӘ-ді ешбір қиындыөсыз және шығынсыз електрондық кеңістікте кез келген адам немесе ұйым мен ұжым жүзеге асыра алады;
- ЖӘ харыпты жетілдіруге болмаса әшекейлеуге, сондай-ақ сұрыптау т.б. баспалық, дизайнерлік амалдарға арналған арнайы қамтымалар әзірлеуді қажет етпейді, ағылшын әліпбиіне әзірленген барлық қамтымаларды қолдану мүмкіндігі бар;
- лигвистикалық, саяси, экономикалық, техникалық, жаһандық сипаттармен дәйектелген талаптарды толық қанағаттандырады.

Ә1 әліпби авторы.

воскресенье, 29 июля 2007 г.

2- ӘЛІПБИ ЖОБАСЫ АВТОРЛАРЫНЫҢ ҰСТАНЫМЫ

ҚАЗАҚЫ ЛАТЫН ӘЛIПБИIН ТАҢДАУ ЖӘНЕ СТАНДАРТТАУ
(философиялық, этнолингвистикалық және техникалық мәселелері)


Алғысөз
Қазіргі кезде алыс-жақын шетте жүрген қандастарымызбен төл тілімізде Internet, E-maіl, Жерсеріктік теледидар, Телеграф-Телетайп жүйелері арқылы хат-хабар, ақпарат алмасуымыз барған сайын күрделене түсуде. Мемлекетаралық елшілік қатынастардың хаттама желісі мемлекеттік тілде – төл тілімізде бір жүйеге түсуі екіталай болып тұр. Тіптен, өз ішіміздегі мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару және оқу, білім беру ісін мемлекеттік тіл аясында өркениетті түрде жаппай кәмпүйтерлендіру мүмкін болмай отыр. Әліпбилер жобасының ішінен стандартталатын "техникалық" бір ғана нұсқаны таңдап алуымыз қажет!


Кıрıспе
Бұл мәселенıң талқылана бастағанына он жылдай уақыт өттı। Бұл ıске әрқилы салалардың мамандары атсалысып жүр. Бүкıл елıмıздıң жер-жерıнде басталып, Алматыда шиырыла түскен бұл үрдıс жаңа орталық Астанада заңды жалғасын тапты деуге әбден болады. Астанаға, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетіне көптеген белгıлı ғалымдардың қоныс тебуı бұған игı әсерıн тигıздı – десек, шындықтан көп алшақтамаған болар едıк.

Астанада соңғы 2-3 жыл ıшıнде жаңа латын харпіне негıзделген әліпбиді таңдауға бағытталған мамандардың бıрнеше алқалы жиындары өттı, солардың ıшıнен бıздıң университетімıзде ұйымдастырылған екı бıрдей "Дөңгелек үстелдı" бөле-жара айтуға қақымыз бар ғой демекпıз। Оның бıрı 4।03।2001 күнı өтсе, екıншıсı 14।02.2002 күнı өткıзıлдı. Солардың арасында тағы да сол университетімıзде 2001 жылдың 18-19 мамырында өткен Қазақ Республикасының 10-жылдығына арналған халықаралық "Байырғы түркі мәдениеті: жазба ескерткіштер" ғылыми-теориялық конференциясында "Сына жазу әліпбиінің антропологиялық жаңғыруы һәм мәдени қайта түлеуі – өркениеттің үйлесті-жасампаз пәрмені" аттас баяндама радио арқылы бүкıл Республикамызға таратылды. Бұл баяндамада да қазақы латын әліпбиін таңдау мәселесı сөз болған едı.
Сайып келгенде, төл тіліміздің мемлекеттік мәртебесін кәсіби ортада құтқару жолдарын таңдау үшін ұсынарымыз мынау:
Қазақ әліпбиі етіп кирилдік алфавитпен қатар латын харпін қолдана бастау қажет; бес-он жыл өткенше таңдалған латын жазуын компьютерлік және техникалық байланыс жүйелерінде, алыс-жақын шетте жүрген қандастарымызбен Internet, E-maіl жүйелері арқылы хат-хабар, ақпарат алмасуымызда, яғни елшілік жүйесіндегі мемлекеттік деңгейде, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару және оқу, білім беру ісінде қолдана тұрған дұрыс деп табылсын!
Латынға негізделген қазақ әліпбиін таңдаудың талаптары

Латиницаға көшудің біраз пайдасы болары сөзсіз. Бірақ-та көптеген қиындық туғызатынын да жоққа шығаруға болмас. Бұл қиындықтарды былай топтастырайық:
1. Жасы ұлғайған адамдардың көпшілігі ағылшын танбаларымен жазылған материалды мүлде оқи алмайды ғой. Ағылшын таңбаларымен жазылған қазақша кітап, газеттерді оқуға қиналатын адамдар жастардың арасында да аз болмасы анық.
2. Көптеген қазіргі харіппен басылып шыққан қазақ тіліндегі кітаптарымызды болашақ ұрпақ еркін оқи алмайтындай болып қалады. Әлбетте, оларды компьютердің көмегімен ағылшын таңбаларына көшіріп, қайтадан басып шығаруға болады. Бірақ-та, бәрін қайта шығару мүмкін емес қой.
3. Латиницаға көшу біраз қаржы талап ететіндігін де ескермеуге болмас.
Яғни, таңдаумыз – екі жол: 1) Ағылшын таңбасына көшу; 2) Кирилдік әліпбиде қалып қою. Бұл екі жол – біздің таңдар жолдарымыздың "ең шеткілері" – деп ойлап, "ортаңғы" – "күре тамыр" жол іздесек қалай болар екен? Мысалға:
3) Кирилица мен латиницаны қатар пайдаланайық. Болашақта "қай жеңгені" біздікі.
3а) Компьютерде, компьютер жиі қолданылатын жүйелерде, алыс-жақын шетте жүрген қандастарымызбен Internet, E-maіl, Жерсеріктік теледидар, Телеграф-Телетайп жүйелері арқылы хат-хабар, ақпарат алмасуымызда, яғни елшілік жүйесіндегі мемлекеттік деңгейде қолдана тұрған дұрыс деп табылсын; өзіміз таңдап бекіткен ағылшын таңбаларын латын-қазақ транслитерациялық таңбалар жүйесı ретінде қолданайық.
3ә) Мектепте төменгі сыныптардан бастап латиницаны үйретейік (ағылшын тілімен бірге). Қазақ сөздерін ағылшын әріптерімен жазуды ойын ретінде (компьютердегі ойын ретінде) үйрете бастайық.
3б) Латын-қазақ транслитерациялық таңбалар жүйесıн қазақ тілінің компьютерлік-мағлұматтық және байланыстың техникалық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару ісін жүргізудегі жазба таңбалары деп қабылдайық.
3в) Басқа жағдайларда кирилицаны әзірше қолдана берейік.
Осыдан кейін "әліптің артын" бағайық. Болашақ ұрпақтарымызға өздері біржола түпкілікті таңдауын жасап алуына мүмкіндік қалдырайық.
Латын-қазақ транслитерациялық таңбалар жүйесı бола ма, әлде қабылдануға тиіс әліпбидің өзі бола ма, әйтеуір ауыстырмас бұрын терең зерттеп, мұқиат таңдауды талап етері хақ. Бірақ, әліпбиге қарағанда транслитерациялық таңбалар жүйесıн таңдаудың "жарасы жеңіл" болады-ау деп пайымдаймыз, өйткені транслитерациялық таңбалар жүйесıн қазірдің өзінде аса көп ойланбастан қабылдай тұрып, кейін уақыты келгенде оны әбден жетілдіріп, түрлендіріп, өзгертетін жерлері болса түзетіп, түпкілікті әліпбиге айналдырып алуға болады ғой демекпіз. Себебі, бүгіндері қазақ тілінің дыбыстық жүйесі тыңғылықты түзілмей отыр /Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. – Алматы: Сөздік-Словарь, 1999/, оны жүйелеу үшін уақыт қажет. Ал транслитерациялық таңбалар жүйесıн мемлекеттік деңгейде стандарттап алу – уақыт күттірмейтін шараға айналатын күн туып тұр!

вторник, 24 июля 2007 г.

ҚИҚ ЕКШЕМІ

ҚИҚ ЕКШЕМІ (КОНКУРС) АЯСЫНДА
ҚАЗАҚ-АҒЫЛШЫН ӘЛІПБИЛЕР ЖОБАСЫ


ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚТІЛДІ ӘЛЕМШЫРМАҚ ШАРЛАУШЫЛАР!

Әліпбидің әр алуандығы мен техникаға сай еместігінен қорлықты көріп, бір бірімізбен қатынаса алмай тыйтықтап болдық. Одан әрі күтіп отыратын уақыт жоқ. Ең болмаса бейресми, яғни азаматтардың өзара келіскен әліпбиін жасақтап, күнделікті електрондық кеңістікте емін-еркін қатынасқа түсейік!
Мынау сол жолдағы алғашқы қадам. Назарға ағылшынхарыпты қазақ әліпбиінің бес жобасын ұсынып отырмыз. Осыларға сіздердің жеке пікірлеріңіз қажет, таңдаңыз, қайсысы қолайлы. Әзірге авторлары жарияланбай отыр. Оның әзірге мәні жоқ. Мәндетпе (комментарий) берілу кезінде әрбір авторға кейіннен сөз беріледі. Жарияланған пікірлер мен дәйектер шоғырланып, біздің таңдауымызды жеңілдетеді. Таңдау кезінде көпшіліктің көңілі ауған нұсқа таңдалып, биылғы жылдың күзінде болмақшы ҚИҚ форумында «ресми» тіркеледі де, өмірге ағылшынтекті қазақ әліпбиі жолданады. Одан әрі бәріміз жабылып, оны насихаттап, қолданыс аясын кеңейтумен айналысатын боламыз. Бұл - аталмыш жобаның идеологиясы.
Сонымен әліпбилер жобасын қош қабылдаңыз, ағайын! Бұл қазақ өміріндегі алғашқы азаматтық маңызды жоба екенін ескерейік!

Құрметті ҚИҚ мүшесі! Блогқа кесте түспегендіктен амалсыздан осылайша тізбек түрінде жариялап отырмыз. Әрбір баған әліпбидің әр жобасын білдіреді, сәйкес жолдағы ресми әріппен жаңа әріптерді салыстыру арқылы әліпби жобасын меңгересіз.

Кестедегі шартты белгілерге мәндетпе:
1-бағанда - реттері, келесі бағанда ресми әліпби тігіңкі бағытта орналасқан.
РӘ - ресми әліпби;
Ә1 – 1-әліпби жобасы;
Ә2 – 2-әліпби жобасы;
Ә3 – 3-әліпби жобасы;
Ә4 – 4-әліпби жобасы;
Ә5 – 5-әліпби жобасы.
Әр жолдағы әріптер өзара қос нүктемен ажыратылды. Ыңғайсыздық үшін кешірім өтінеміз. Бұл кестені және осы үндеуді басқа сайтқа дұрыстап орналастыруға және жариялауға әбден болады. Оған алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Тіпті, газеттерге де жарияласа нұр үстіне нұр болар еді!
ҚИҚ хатшылығы.

№ РӘ : Ә1 : Ә2 : Ә3 : Ә4 : Ә5
1 : А : A : A : A : A : A:

2 : Ә : Ah : Aе : A`: A`: Ae:
3 : Б : B : B : B: B: B:
4 : В : - : V : V: - : -
5 : Г : G : G : G: Q`: Q:
6 :Ғ : F : Q: X: Q: Qh:

7 :Д :D : D: D: D: D:
8 :Е :E : E: E: E: E:
9 :Ё : io : jo: - : - : -
10 :Ж :J : Zһ: J: G: G:
11 :З :Z : Z: Z: Z: Z:
12 :И :- : Ij/Yj: Iy/Y - : -
13 :Й : I : J: Y: Y: J:
14 :К : K : С: K : K` : K
15 :Қ : Q : К: Q: K : Kh
16 :Л :L : L: L: L: L:
17 :М : M : M: M: M: M:
18 :Н : N : N: N: N: N:
19 :Ң : Ng : H: Ng: H: H:
20 :О : O : O: O: O: O:
21 :Ө : V : Ое: O` O`: Oe:
22 :П : P : P: P: P: P:
23 :Р :R : R: R: R: R:
24 :С : S : S : S : S : S
25 :Т :T : T: T: T: T:
26 :У :W : W: U: V: W:
27 :Ұ : U : U: U`: W: U:
28 :Ү : Uh : Ue: Ү : U: Ue:
29 :Ф : - : F: F: F: F:
30 :Х : X : X: H: X: X:
31 :Һ : - : -: -: -: - :-:
32 :Ц : ts : ts: -: -: -
33 :Ч : tc : ch: ch: -: -
34 :Ш :C : sһ: sһ: C: C:
35 :Щ :cc : shsh: -: C`: cc
36 :Ъ : - : - : -: -: -
37 : Ы : Y : Y: W: J: Y:
38 :İ : H : I: I: I: I:

39 :Ь: - : -: -: -: -
40 :Э : e : je : -: -: -
41 :Ю :іw : Ijіw/ Yjyw: yu -: -
42 :Я :ia : Ija / Yja : ya -: -:

воскресенье, 15 июля 2007 г.

ҚАЗАҚ ИНТЕРНЕТ ҚАУЫМЫ ҚҰРЫЛДЫ

Жуырда біршама азаматтар бірігіп, Қазақ Интернет Қауымын (ҚИҚ) құрды. Бұл қауымға мүше болуға құлықты, кез келген кәмелет жасындағы адамға ұлтына, жынысына, азаматтығына (шетел азаматтары екендігіне) және басқа да ерекшелігіне қарамастан әрдайым есік ашық.

ҚИҚ – қазақтілді интернет қолданушылары мен қызмет көрсетушілерін біріктіретін халықаралық қоғамдық клуб болып табылады. Толық қалыптасқанша қоғамдық негізде жұмыс істейді.

ҚИҚ мақсаты:
- қазақтілді електрондық кеңістікті (ЕК) қалыптастыруға және дамытуға атсалысу;
- қазақтілді ЕК тұтынушыларына түрлі қызмет көрсету аясын дамытуға үлес қосу;
- қазақ тілінің ЕК-тегі нығаюына қолдау көрсету;
- қазақтілді ақпараттың ЕК-те таралуына жол ашу;
- қазақтілді интернет қолданушыларының ынтымағын арттыруға түрткі болу.

ҚИҚ-қа мүше болу үшін:
- жазбаша түрде мына електрондық адреске ҚИҚ-қа мүше болу тілегін білдіріп, толық аты-жөні мен резюмесін жіберсе – жеткілікті: qaznetclub@gmail.com.

ҚИҚ-тың әзірге құрылымдарын құру оның құрамы толыққанша кейінге қалдырылды. Сондай-ақ, ҚИҚ өзінің толық жұмыс жоспарын да кейін бекітуді шешіп, кәзіргі басты жұмысты ҚИҚ мүшелері дүниежүзі қазақтары қарым-қатынасын қанағаттандыратын ортақ електрондық бейресми әліпбиді (ЕБӘ) бекітіп алудан бастағанды жөн көруде.

ҚИҚ мүшелері бір ауыздан ағылшын харпына негізделген әліпби түзуді мақұлдады. Осыған байланысты ҚИҚ ағылшын-қазақ харыпты әліпбиге екшем жариялайды. Ұсынылған әліпби жобалары мына електрондық әдірісте қабылданады: qaznetclub@gmail.com.
ЕБӘ жобасын қабылдау – 2007 жылғы 20 тамызға дейін.
ЕБӘ-ге қойылатын басты талаптар:
- ЕБӘ-нің ағылшын харыптарына негізделуі;
- ЕБӘ-нің қазақ дыбыстарына ғана тән болуы;
- бейресми қолдануға қолайлы болуы;
- қосалқы таңбалардың мейлінше аз болуы;
Шешім қабылдау әрбір қатысушының мәндетпесін ескеру арқылы жүзеге асады. Мәндетуші өз пікірін қай әліпбиді және неліктен қалайтынын нақты дәйектеп жібергені мақұл.
ҚИҚ мүшелері мен жанашырлары әзірге осы блогқа қатынасу арқылы жаңалықтар мен хабарлама алып, шұғыл мәндетулер жариялауына болады.

Қазақ Интернет Қауымы